Жаңа иесі туралы деректерге өзгерістер еңгізу
Қызмет беруші
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК
Қызмет алушы
Жеке тұлғалар
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Қызмет көрсету түрі
Электрондық түрде
Қосымша
15 күнтізбелік күн
1. Осы беттегі «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
2. Деректеріңіздің автоматты түрде толтырылуын күтіңіз
3. Барлық басқа өрістерді толтырыңыз («*» жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз
5. «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз
Қызметті алуға арналған қажетті құжаттар:
1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат
2. Объектіге құқық белгілейтін құжат (сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау/мүліктік жалдау келісім-шарты/меншік иелері үшін мемлекеттік тіркеу туралы белгісі немесе хабарламасы бар тұрғын пәтерді мұра етіп алу құқығы туралы куәлік)
3. Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжаты
4. Тұратын адамдардың нақты саны туралы анықтама (кемінде 2 пәтерден тұратындығын растаумен МИБ/ПИК анықтамасы)
5. Некені тіркеу немесе бұзу туралы куәлік, тегін ауыстыру туралы анықтама (егер жеке деректер құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес келмесе)
6. Туу туралы куәлік/төлқұжат (егер объектінің иесі кәмелетке толмаған тұлға болса)
7. Өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар (егер өтініш беруші сенімгер тұлға болса)