Электр энергиясы үшін берешегінің жоқтығы туралы анықтама беру

Қызмет авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. немесе Тіркелу

Қызмет беруші

"АтырауЭнергосату" ЖШС

Қызмет алушы

Жеке тұлғалар

Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 күнтізбелік күн

Қызмет көрсету түрі

Электрондық түрде

Қосымша

Қызмет көрсету нәтижесі
Берешектің жоқтығы туралы анықтама беру немесе дәлелді бас тарту
Қызметті онлайн түрде қалай алуға болады? 

1. Осы беттегі «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
2. Деректеріңіздің автоматты түрде толтырылуын күтіңіз
3. Барлық басқа өрістерді толтырыңыз («*» жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз
5. «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз


Қызметті алуға арналған қажетті құжаттар:

1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат
2. Объектіге құқық белгілейтін құжат (сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау/мүліктік жалдау келісім-шарты/меншік иелері үшін мемлекеттік тіркеу туралы белгісі немесе хабарламасы бар тұрғын пәтерді мұра етіп алу құқығы туралы куәлік) немесе алу мерзімі 10 күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама (құжатты «Электрондық үкімет» веб-порталынан алуға болады)
3. Өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар (егер өтініш беруші сенімгер тұлға болса)