Жеке тұлғалар үшін электр энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету кезінде абоненттің дербес шотында тұратындар санының өзгеруі
Қызмет беруші
"АтырауЭнергосату" ЖШС
Қызмет алушы
Жеке тұлғалар
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
15 күнтізбелік күн
Қызмет көрсету түрі
Электрондық түрде
Қосымша
Қызметті онлайн түрде қалай алуға болады?
1. Осы беттегі «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
2. Деректеріңіздің автоматты түрде толтырылуын күтіңіз
3. Барлық басқа өрістерді толтырыңыз («*» жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз
5. «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз
Қызметті алуға арналған қажетті құжаттар:
1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат
2. «Электрондық үкімет» веб-порталы сервисінен мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар саны туралы мәліметтер
3. Өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар (егер өтініш беруші сенімгер тұлға болса)