Жылу энергиясы бойынша дербес шот ашу
Қызмет беруші
"Атырау жылу электр орталығы" АҚ
Қызмет алушы
Жеке тұлғалар
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
15 күнтізбелік күн
Қызмет көрсету түрі
Электрондық түрде
Қосымша
1. Осы беттегі «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
2. Деректеріңіздің автоматты түрде толтырылуын күтіңіз
3. Барлық басқа өрістерді толтырыңыз («*» жұлдызшасымен белгіленген өрістер міндетті болып табылады)
4. Қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз
5. «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз
Қызметті алуға арналған қажетті құжаттар:
1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат
2. Алу мерзімі 10 күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама (құжатты «Электрондық үкімет» веб-порталынан алуға болады)
3. Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжаты
4. «Электрондық үкімет» веб-порталы сервисінен мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар саны туралы мәліметтер
5. Өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар (егер өтініш беруші сенімгер тұлға болса)